Павлодарда «Плёночный Казахстан» атты фотосурет көрмесі ашылды

Портреттер, қала көріністері мен табиғат суреттері. Күнделікті өмірдің сәттерін бейнелейтін ақ-қара және түрлі түсті фотосуреттер. Экспозицияда барлығы 35 жұмыс ұсынылған. «Плёночный Казахстан» жобасы екі жыл бұрын Павлодарда бастау алып, біртіндеп еліміздің әртүрлі қалаларындағы аналогтық фотосурет әуесқойларын біріктірді. Қауымдастық мүшелері үшін түсірілген кадрлардың саны емес, оның тереңдігі мен мағынасы маңызды.

 

-Пленкаға сурет түсірген кезде, ең алдымен, түймені баспас бұрын ойланып аламыз. Бұл – әлдеқайда саналы процесс. Аналогтық фотосуреттің цифрлық фотосуреттен ерекшелігі де осында. Мұнда әрбір кадр мұқият ойластырылып, асықпай түсіріледі. Сондықтан ол коммерциялық фотосурет тұрғысынан да, әуесқойлық бағытта да өзіндік қызығушылық тудырады, - «Плёночный Казахстан» жобасының авторы Алексей Чернышов.

 

Көрмеге жеті автор қатысып отыр. Олардың көпшілігі кәсіби фотограф емес, бұл өнерге әуес жандар. Олар сәттің сұлулығын байқап, оны сурет арқылы жеткізе біледі.

 

-Нағыз фотосурет сезілуі керек, ол алдын ала ойластырылуы тиіс. Онда белгілі бір мағына, фотографтың дәл сол сәтте түсіріп үлгерген ерекше көрінісі болуы қажет. Сондай-ақ автордың осы сурет арқылы сөзсіз жеткізгісі келген ойы болуы керек, - дейді

Пленкалы фотосуреттерді облыстық кітапханадан тамашалауға болады. Көрме бір ай ашық болады.