Павлодарда «Ретро» вокалдық ансамблі концерті өтті

 

 

 

 

«Ретро» вокалдық ансамблі 25 жыл бұрын құрылған. Негізін - Сауле Балтина қалаған, ол өз студенттерінен шағын ансамбль жинады. Шығармашылық жолында ұжым бірнеше рет республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаты атанды. Ал кештің көркемдік жетекшісі Айжан Жетпісбаева.

 

- Біздің тобымыздың аты Ретро. Жайдан жай қойылмаған, себебі, біз тек қана ретро әндерді айтып жүретінбіз оның алдында. Енді заман орнында тоқтамағандықтан, заманмен бірге бір аяққа қадам басып, осы жылдан бастап заманауи әндерге аранжировка жазамыз, оның 80-70 пайызын өзіміз жасаймыз,-деді «Ретро» вокалдық ансамблінің солисті Айжан Еркенова.

 

Концерттік бағдарламаға тыңғылықты дайындық жүргізілді. Кеште джаз оркестрі, «Ethno mix» ансамблі, Алмас Мұқатай өнер көрсетті. Арулар жиналған қауымды қазақтың халық әндерімен де қуантты.