Павлодарда Қаныш Сәтбаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

 

 

Павлодар облысында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы атап өтілуде деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

12 сәуір - Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, академик, геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. Биыл ұлы ғұламаның 125 жыл мерейтойына орай облысымызда ауқымды шаралар өтуде. Атаулы күнге орай ескерткішке салтанатты түрде гүл қою рәсіміне аймақ басшысы мен облыстың зиялы қауым өкілдері жиналды.

 

- Жалғыз Қазақстанда ғана емес, Ресейде де бұл кісінің мерейтойын атап өтіп жатыр, Томск қаласында. Біз Қаныш ағамызбен мақтанамыз, өзіміздің Баян өңірінің тумасы деп. Сіңірген еңбегі өте зор. Келешек ұрпаққа мәңгілік үлгі,-деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар облыстық суретшілер одағы ҚБ төрағасы Өсербай Шоранов.

 

Шара барысында жас ақындар ұлы ғұламаның құрметіне арнау айтты. Ұлытау-Жезқазған мыс кен орнын ашқан Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы облыста жыл бойы тойланады. Айта кетсек, бүгін елімізде Ғылым қызметкерлері күні де атап өтілуде.