Павлодардағы №8 сәбилер бақшасында Наурыз мерекесі тойланды

Қыстан аман шыққан халық Наурыз мерекесін асыға күткен. Балабақша бүлдіршіндері де жаңа жыл басының мән-мағынасын ересектерден кем білмейді. Білім мекемесіндегі шараға ата-аналар да белсенді ат салысты. Олар ежелден келе жатқан «Сырға салу», «Құдаласу», «Киіт кигізу» салт-жоралғыларын көрсетті. Балабақша басшысының айтуынша наурыз мұнда бір емес бірнеше күн бойы тойланады.

 

-Ауыл ауылға бөлініп балалармен ата-аналармен бірге салт-дәстүрлерді көрсетеді. Өзінің құрып жатқан киіз үйдің ішіндегі ұлттық заттармен таныстырады. Және ұлттық тағамдармен таныстырады. Балалар осы арқылы ұлттық дәстүрді бойыңа сіңіре бастайды,-дейді Павлодар қаласы №8 сәбилер бақшасының басшысы Маржангүл Жетпісқызы.

 

Балалар мен ата-аналар ауыл ауылға бөлініп, киіз үй жабдықтарының атауы, қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдарын жетік білу бойынша білімдерін сарапқа салды. Әсем ән мен тәтті күй шырқалған мереке барлығының көңілінен шықты.