Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарлық әншілер халықаралық доданың екінші кезеңіне өтті

мәдениет

28
И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның үш солисі халықаралық «Қазақ дауысы» байқауының екінші кезеңіне өтті. Дода онлайн форматта, сондықтан жерлестеріміз жасампаздық танытып, таң қалдыратын орындауларын бейнеге түсіріп жолдауда.

Әйгілі Майра әні джаз сарынында жаңаша естіліп, «Қазақ дауысы» халықаралық байқауының қазылар алқасы облыстық филармонияның эстрадалық әншісі Жібек Айтбаеваның «кавер» нұсқасын жоғары бағалап  2-ші кезеңге өткізді. Жалпы, өңірімізден 3 өнерпаз бұндай жолдамаға ие болды. Солардың қатарында дәстүрлі ән жанрында Жанболат Байсолтан да бар. Қазір ақтық кезеңге өту үшін барын салмақ. Додаға өзге аймақтардан бөлек, Қытай, Моңғолия елдеріндегі қандастарымыз да қатысуда.

 

 

- Абай Құнанбаевтың «Қараңғы түнде тау қалғып» әнінің көп ешкім естімеген нұсқасы бар. Таралмаған ән. Соны дайындап жатырмын. Әншілердің өз бағын сынау. Бұған келгенде үлкен дайындықпен келеді. Шеберлік артады дегендей. Бұндай байқаулар керек деп ойлаймын, - деді И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Жанболат Байсолтан.

 

Байқаудың 2 кезеңінің дәстүрлі ән жанрында облыстық филармонияның тағы бір солисі Дәуренбек Слямғали да өнер көрсетпек. Олардың жұмыстарына Рамазан Стамғазиев, Ардақ Исатаева сынды беделді өнерпаздар қазылық етеді. Дегенмен, финалға өту жолдамасының 50%-ы халықтың дауыс беруі арқылы шешіледі. Сол себепті жерлестерімізге әлеуметтік желілердегі qazaq.dauysy мен Qamshy.kz порталы арқылы демеу көрсетуге болады.Бейнені қолдаушылар саны мен пікірлер ескеріледі. Айту керек, байқаудың басты жүлдесі 3 миллион теңгені құрайды.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()