• Басты бет
  • Мәдениет
  • Павлодарлық оқушылар «Жақсылық жаса» акциясы аясында пластикалық бөтелкелер қақпақтарын жинады

Павлодарлық оқушылар «Жақсылық жаса» акциясы аясында пластикалық бөтелкелер қақпақтарын жинады

 

 

Онда облыстық мектептердің оқушылары пластикалық қақпақтарды жинап тапсырды. Қайырымдылық акциясына 150-ден астам білім мекемесі ат салысқан дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Игі шараға Павлодар облысының үш қаласы мен 10 ауданының оқушылары қатысқан. Балалар «Жақсылық жаса» акциясына қуана-қуана қатысқан. Айтуларынша енді қақпақтарды қоқысқа тастамай қоршаған орта туралы ойлайтындарын айтады.

 

- Біз жыл бойы ата-аналармен крышка жинадық. Біз оны қоқыс деп тастамадық. Біз оны жинадық. Біз кішкентай балаларға көмек жасаймыз. Крышка жинап жатырмыз,-деді Әмина Сержан.

 

- Біз бұл қақпақтарды «Открытые серца» қайырымдылық қорына береміз. Олар бұл қақпақтарды қайта өңдейтін кәсіпорынға жөнелтеді. Бұдан түскен ақша сол қайырымдылық қордың тізімінде тұрған жедел емге мұқтаж балалардың есепшоттарына аударылады,-деді М.Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері Әйгерім Оразбаева.

 

Пластикалық бөтелкелердің қақпақтарын жинауға бағытталған акция аймақ экологиясын таза сақтаумен қатар, сырқат балаларды қолдауға үлкен көмек болып табылады. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша балалар жаз бойы қақпақ жинауды жалғастыра бермек.