• Басты бет
  • Мәдениет
  • Павлодарлық бишілер Алматыдағы республикалық жарыстан жеңіспен оралды

Павлодарлық бишілер Алматыдағы республикалық жарыстан жеңіспен оралды

«Бьюти мейд» халықаралық сайысы Ресей, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің бишілерін бір сахнаға жинады. Би клубы тәлімгерінің сөзінше, бәсекелестік жоғары болған, алайда қыздар өздерін жақсы көрсетіп, артқан үмітті ақтады.

 

Биші қыздар сайыс жайлы аса үлкен ықыласпен айтып берді. Алған әсерлері ұмытылмастай есте қалған. Өзге қатысушылармен достасып, тіл табысып кеттік дейді. Айта кетсек, олар осыған дейін де үлкен белестерді бағындырған, алайда Алматыдағы халықаралық шара ауқымдылығымен ерекшеленеді. Бүлдіршіндер түрлі бағыттағы 3 би қойылымын паш еткен болатын.

 

- Бұл спорттық-бал және Эстрадалық билер. «Синий иний» биі - гран-при жеңіп алды, бірінші орынды самбо стиліндегі Мадонна биі, және екінші орынға эстрадалық би стиліндегі спорттық би иеленді,-деді «Рандеву» спорттық-би клубының жетекшісі, аға жаттықтырушысы Виолетта Никитина.

 

Бұл белес - тек бастама ғана, себебі арулар Түркия мен Италия еліндегі би турниріне шақырту алды. Сайыстар тыңғылықты дайындықты талап ететіні сөзсіз. Тіпті, жаңа би элементтері мен техниканы меңгеру қажет болуы мүмкін.