• Басты бет
  • Мәдениет
  • Павлодарлық дәстүрлі әнші Жанболат Байсұлтан Беларусь еліндегі фестивальде қазақтың әнін орындады

Павлодарлық дәстүрлі әнші Жанболат Байсұлтан Беларусь еліндегі фестивальде қазақтың әнін орындады

 

 

Павлодарлық өнерпаз Жанболат Байсұлтан музыкалық додада ел намысын қорғады. Халықалық фестивальге 6 елдің үміткерлері жиналған болатын дейді irbistv.kz тілшісі.ф

 

Бұл «Днепровские голоса» халықаралық додасының мерейтойлық фестивалі. Қазақстаннан бөлек, Беларусь, Ресей, Армения, Латвия, Оңтүстік Кореяның өкілдері келген. Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының өнерпазы Жанболат Байсұлтан басты сахнада қазақтың белгілі шығармаларын орындап, домбыраның үнімен жиналғандарды тәнті етті.

 

6 елдің үміткерлерін жинаған халықаралық фестивальде Жанболат Байсұлтан үздіктер қатарынан көрініп, үшінші орынға ие болды.

 

- Қобалжу болды, сахнаға шығар алдында, одан кейін көрермен жақсы қабылдап жатқаннан кейін уайым басылып, ойдағыдай орындап шықтым деп ойлаймын. Бұл жердің асханасы, тағамы ұнады. Ең бірінші астың дәмділігі, халық қонақжайлығы әрине, әрдайым күлімдеп, қарсы алатыны ұнады. Содан кейін Беларусь табиғаты, ормандары, қатты ұнады өзіме,-дейді Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның әншісі Жанболат Байсұлтан.

 

Жерлесіміздің орындау шеберлігі Беларусь Республикасы тұрғындарының көңілінен шығып, өнерпаз бірнеше ауылдық аймаққа шақырту алып, қазақ елінің мәдениетін дәріптеді.