Павлодарлық іздестіру жасағы ерекше басылымның тұсауын кесті

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қоры ерекше туындымен толықты. Аталмыш мекемеде басылымның шығуына сүбелі үлес қосқандардың қатарынан. Кітапқа 30 жылдық архивтік деректер енгізілді. Тираждың жалпы саны - 400.

 

- 150 дана облыстық кітапханаларға кетті. 50 дана қалалық мектептерге барады. 14-ші мектепте біз жақсы бір мұражай ашқан болатынбыз. Сол мектепте бүкіл қалалық ерлік сабағын өткізіп, әлгі жерде мына кітаппен таныстырып сол жерде әр мектепке осындай бір-бір дана кітап таратып береміз деген ойым бар, - қоғам қайраткері Жұмабек Қамзин. 

 

Ал қалған 200 дана іздестірушілердің қолында. Оларды жуық арада үлестірілмек. Айта кетейін, кітапта іздестіру жасақтарының осы күнге дейінгі еңбектері, сұм соғыста қаза тапқан жауынгерлер жайлы тың мәліметтер қамтылған.