Павлодарлық әжелер қалалық кітапханада колөнер көрмесін өткізді

 

 

 

 

Сіз жүнді сабап, оны иіріп одан қандай да бір бұйым тоқи аласыз ба? Жүн иіруді қазір екінің бірі білмейтін болса бұл әжелер сізге оны үйрете алады. Сонымен қатар шеберлік сабағында қымыз пісу, тастардан түрлі заттар тоқу, құрт жаю, қазір жоғары сұранысқа ие ұлттық тақия мен қамзолдарды тігуді көрсетті.

 

- Осындай шаралардың маңыздылығы өте зор енді. Кейінгі ұрпақ көрсін, білсін деп алып келдік. Егер олар білмесеұлттық салт, сана жойылып кетеді ғой. Қазақтың ұлттық салт санасын білсін деп алып келіп отырмыз бүгін,-деді қолөнерші Нұрсәуле Орал.

 

- Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан халық. Малдың етін, жүнін пайдаланамыз. Көбінесе жүн бұйымдарымен киіз басу, текемет басу өнерімен көп шұғылданамыз. Қазақта оютүрлері де өте көп. Балаларға сол құрақ көрпелерді көрсетіп сондай ою түрлерін жүргіземіз,-деп жеткізді қолөнерші Гүлназ Елеукенова.

 

Шеберлік сабақтарымен қатар әжелер жастарға өз қолынан шыққан көздің жауын алатын бұйымдарын ұсынды. Шара соңында жастар бал қымыз бен құрттың дәмін татты.