Павлодарға жұмыс сапарымен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келді

Қазақтың кез келген дәстүрі Ислам шариғатынан бастау алады. Бұл ретте
Павлодарда «Дін мен дәстүр» тақырыбында конференция өтті. Оған ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

 

ҚМДБ 2022 жылды Дін мен дәстүр жылы деп жариялағаны белгілі. Осы тақырып шамасында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар атқарылуда деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы. Кездесу барысында кейбір жағдайларда қазақтың ежелгі салт дәстүрі мен ғұрыптарын харам санап бұрмалап жүргендердің алдын алу туралы айтылды.

 

-Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып келген дәстүрлі дінін әдет-ғұрпын жоққа шығарып, іріткі салушы топтар бар. Ұлттық ғұрыпты «харам» дейтіндер шықты. Ол діннің кемшілігі емес, дінді дұрыс түсіне білмеген адамның ісі десек болады. Қарап отырсақ қазақтың қыз айттыру, құрсақ той, құда түсу, құйрық бауыр асату, қыздың жасауы барлығы шарғатқа теріс емес. Сонымен қатар бата беру, ас беру, сүндеттеу де дінімізге қайшы саналмайды. Осыдан аңғаратынымыз дін мән дәстүр егіз,-деп жеткізді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапары барысында Павлодар ауылындағы «Әбу Бәкір Сыддық» колледж-медресесіне барып, облыстағы жалғыз рухани оқу орнының оқушыларымен және оқытушылар құрамымен кездесті.