Салауатты өмір салтын таңда!: «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсуда жазғы денсаулық фестивалін өткізді
Қазхром өз қызметкерлерінің балалары үшін ауқымды мереке ұйымдастырды. ERG-діңжыл сайынғы жазғы денсаулық фестивалі игі дәстүрге айналған деп хабарлайды irbistv.kz.
Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлері жыл сайын таза ауада жиналып, түрлі конкурстарда бақ сынайды. Бұл жолы бағдарламада көптеген жаңа алаңдар болды.
Қазхром қызметкерлері мен олардың отбасылары жазды тамаша мерекемен ашты. Ауқымды жазғы фестиваль жүздеген ұл мен қызды қызықты ойындарға, флешмобтар мен биге және шығармашылық конкурстарға біріктірді.
-Бізде бүгін ERG жазғы денсаулық фестивалі. Ол жазда да, қыста да өтеді. Бұл көпжылдық дәстүр. Қыста да спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Қызметкерлер мен олардың балалары үнемі белсенді қатысып, қолдау танытады. Денсаулық пен салауаты өмір салтына арналған бұл шаралар барлығына ұнайды, - дейді «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты қоршаған ортаны қорғау зертханасының қызметкері Василиса Александрова.
Мұндағы әр бала мен ересек өзіне қызықты ермек тапты. Әртүрлі мультфильм кейіпкерлері қонақтардың ішін пыстырмады. Ұйымдастырушылар бағдарламаны барынша қызықты етуге тырысыпты. Қатысушылардың жасын ескере отырып аумақты бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлген. Жас суретшілер үшін жеке алаң жұмыс істеді. Мұнда балалар шеберлік сабақтарына қатысып, өз қолдарымен шоппер сөмкелерді безендірді. Ал сені күтетің үй деп аталатын үлкен баннерде балалардың назарынан тыс қалмады. Мұнда бүлдіршіндер оны түрлі түске бояп қана қоймай ересектерге өндірістегі қауіпсіздік туралы еске салып, оларды үйде әрдайым жақындары күтетінін еске салды. Ал кейбір қыздар мен ұлдар өздерін лазертагта байқап көрді. Балалар мұнда командаға бөлініп, мергендіктері мен ұйымшылдығын көрсетті.
-Мен мерекеге келдім. Маған мұнда қатты ұнайды. Қоянмен және қыздармен суретке түстім. Осы күнді асыға күттім. Мұнда өте көңілді, - деп бөлісті балақай Анеля Подгорная.
-Балаларға арналған жазғы фестивальге жыл сайын келеміз. Өте ұнайды. Балалар қатты қуанады. Мерекеден үйге қайтқылары келмейді. Мұнда қызықты алаңдар, локациялар, сабын көпіршіктері де, аниматорлар болды, әрдайым барлығы қызықты өтеді. Зауытқа үлкен рахмет! Біз еңбек етеміз. Балалар көңіл көтереді, - дейді «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты ЖМЦБ өндірісті дайындау инженері Екатерина Примак.
Спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, өнеркәсіптегі қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау ERJ компанияарының ең басты бағыттарының бірі болып қала бермек.
Бибінұр Хамитқызы
