Сүйектердің сырын ашқан шебер

Қайнарбек Ерназарұлы қолөнерліктің ерекше түрін меңгергеніме 2 жылдан асты дейді. Бастапқыда өзге материалдардың тапшы болуынан қарапайым сүйекті кәдеге жаратуды ұйғарған. Шебердің сөзінше малдың әрбір сүйегінен әшекей бұйымдарды, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды және кәдесыйларлы жасауға болады екен. Мүсіндерді жасау сырт көзге оңай көрінгенімен жұмысы көп дейді. Әуелі оны қайнату арқылы майын толық шығарады. Кейін өңдеп осындай дүниелерді жасайды.

 

- Қайнату керек оны. Сосын өңдеймін. Мүшелерді білеміз толық неге ұқсайтынын. Соған қарап отырып суретке де ыңғайым бар. Содан интернеттен қарап отырып, сүйек жонуды үйрендім. Дайын болу уақыты да әртүрлі. Бір жұмысты бір аптаның ішінде бітіруге болады, бір жұмысты үш күннің ішінде жасап шығуға болады. Кейбір жұмыстарды жарты айдай жасаймын, - дейді мүсінші.

 

Мұнда сүйектен бөлек ағаштан қашалған жұмыстарды да кездестіруге болады. Бүгінде қолөнер шеберінің 20-дан астам туындысы бар. Қайнарбек ұстаз атадан қалған ұлттық өнерді бүгінде жас буынға дәріптеу үстінде.