Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Тарихы жұмбақ көне әшекейлер

мәдениет

112
Павлодар география үйінің қоры көне жәдігерлермен толығуда. Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін көне тиындар мен тұрмыстық заттар әкелінген болатын.

Білезік сынығы, жүзіктер және сырғалар. Этнографиялық коллекцияға қаз қалпында сақталған осындай бұйымдар табысталды. Әшекейлер қола мен күмістен жасалған. 100 жылдық тарихы бар экспонаттардың қандай құпияны бүгіп жатқаны әзірге беймәлім.

 

- Аталмыш заттар этнографиялық қордың негізгі  жәдігерлеріне айналып отыр. Олар әлі жіті зерттелмеді. Тек 20 ғасырға жататынын білеміз. Бұйымдар қазақтарға ғана тиесілі болмаған. Әшекейлердің татар, башқұрт және украин мәдениетіне қатысы болуы мүмкін, - деді Павлодар география үйінің басшысы Александр Вервекин.

 

Толық мәлімет архивтік құжаттармен арнайы сараптамадан кейін белгілі болады. Айта кетейін, этнографиялық музейді жыл соңына дейін ашу көзделіп отыр. Жұмыстар қарқынды жүруде.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()