Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Ж.Аймауытов театры ұзақ үзілістен кейін премьера ұсынды

мәдениет

50
Ұжым Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» шығармасы негізіндегі қойылымды сахналады.

Ұзақ уақытқа созылған күрделі дайындықтан кейін ұжым актерлері бүгін сахнаға шықты. Әрқайсысы өз образдарын жіті зерттеген. Тіпті жан дүниесіне жақын болған күннің өзінде қиын тұстар кездесіпті.

 

- Даниярдың табиғаты өзіме жақын деп ойлаймын. Себебі оның тұйықтығы көбінесе өзін салмақты ұстайтыны, әрдайым бірқалыпты ұстайтыны өзіме табиғаты жақын деп ойлаймын. Жалпы спектакль кезінде маған пьесаның өзінде жазылған Даниярдың әншілік қырынан таныту мен үшін қиындықтар алып келді, - деді Жүсіпбек Аймауытов атындағы музыкалы драма театрының  актері Бауыржан Манатбекұлы.

 

Драма жанрындағы спектакльде тұрақтанған салт-дәстүрге қарсы шығып, өз арманын қуған жас келіншектің күрделі махаббаты баяндалады. Басты рөлдегі актриса Жәмиләмен тағдырым ұқсас дейді.

 

- Жәмиләнің тағдыры менің тағдырыма ұқсас. Мен Жәмиләдан өзімді көремін. Сондықтан осы рөлді режиссерден сұрап алдым. Негізі бұл тапқыр қыз ғой. Мінезі жақын болды. Өзіме қатты ұнайтын рөлдерімнің бірі деп есептеймін, - деді Жүсіпбек Аймауытов атындағы музыкалы драма театрының  актрисасы Айзана Тасболатова.

 

Қойылым алдағы сәуір айының репертуарына енгізілмек. Көремін деушілер барлық ақпаратты театр сайтынан біле алады.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()