• Басты бет
  • Мәдениет
  • «Асыл Мұра»: Павлодарда балаларға арналған ұлттық колориттегі орталық ашылды

«Асыл Мұра»: Павлодарда балаларға арналған ұлттық колориттегі орталық ашылды

 

 

Павлодардағы бірнеше аула клубтарында қызмет еткен түрлі үйірмелердің барлығы енді бір шаңырақ астында бас қосты. Ұлттық колориттегі секциялар балалар үшін «Асыл Мұра» орталығында қолжетімді болады. Салтанатты жиында өнерпаздар қызықты бағдарлама ұсынып, жергілікті тұрғындар мен қонақтарға қазақ дәстүрлері жайлы қойылымдар дайындаған.

 

- Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубы «Асыл Мұра» атты ұлттық колритті шараны өткізіп жатыр. Балалар көпке үйренеді деп ойлаймыз. Қазақша ән, би, спорттық ойындарға үйретеміз деп орталықты ашып жатырмыз,-дейді Павлодар қаласы «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубының басшысы Гүлнар Үйсінбаева.

 

«Жігер» клубы қарамағындағы бірегей «Асыл Мұра» орталығында балалар билейтін ұлттық киімдерді де, ғимарат ішіндегі көрпелерді де өз қолдарымен тігеді. Бұл үшін арнайы секция да бар. Ұл балалар үшін садақ ату, күрес бойынша үйірмелер қолжетімді. Жеткіншектер бұл жерде жаңа еремекке баулып, қазақ дәстүрлерін бойына сіңіре алады.

 

- Мында биді де үйренесің, Домбыра тартамын десең де, барлығы бір жерде болғаны ыңғайлы,-дейді «Асыл Мұра» орталығының тәрбиеленушісі Арай Елдосқызы.

 

Думанды ашылу салтанатында, «Жігер» ұстаздары қазақ дәстүрлеріне қатысты қызықты сахналық қойылымдар ұйымдастырып, келушілерді қуанта білді. Айту керек, "Асыл Мұра" орталығы Қатаев 97 мекенжайы бойынша «Дос» клубында қызмет етеді. 5 пен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін үйірмелер тегін.