• Басты бет
  • Мәдениет
  • «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының жастар кеңесі «Жауынгерлік қорым» науқанын өткізді

«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының жастар кеңесі «Жауынгерлік қорым» науқанын өткізді

 

 

ЕЭК» АҚ жастар кеңесі және қара металлургия колледжінің студенттері «Жауынгерлік қорым» акциясына 11-ші мәрте шығып отыр. Көріп тұрғандарыңыздай белсенді топ қараусыз қалған бейіттердегі қоқыстарды, қалың өскен шөптерді тазартуда. Ақсу электр станциясының мамандарымен студенттеріне бұл орын таңсық емес. Бірі алғаш рет қатысып отырса, өзгелері әрдайым тазылыққа ат салысады. Дәстүрлі науқанда олар жыл сайын батырлар рухына тағзым етіп алғыстарын осылай жеткізеді. Қажетті құралдармен жабдықталған 30-дан астам ерікті үлкен аумақты әп-сәтте жинастарды.

 

- Мұндағы молалардың басым бөлігі қараусыз қалған. «Ата-аналар» күнінде кейбіреулері реттелген. Өзім жастар кеңесінде болғандықтан патриоттық іс шараға бару парызым деп шештім,-деді АҚМК студенті Иван Баженов.

 

-Мен алғаш рет осында келіп отырмын. Келесі жылы міндетті түрде қайта ораламын. Бұл керемет науқаның арқасында ата-әжелермізге бейбіт күндерді сыйлағандарына алғыс айта аламыз, -дейді Виктория Крутова.

 

Қараусыз қалған қорымдардың көбейгені өкінішті дейді мамандар. Бірақ, «ЕЭК» АҚ түйіткілді мәселеге әрқашан баса назар аударады. Жалынды жастар да көмекке дайын.

 

-Біз Жаяу Мұса, қара металлургия колледжінің студенттеріне үндеу тастадық. Олар өз кезегінде белсенділік танытты. Кәсіпорыннің қызметкерлері де бар. Қазір бәрі батырлармызыдың бейіттерін ретке келтіруде,-деп жеткізді «ЕЭК» АҚ электр станциясының әлеуметтік жобалар бойынша сарапшысы Наталья Матаева.

 

Сонымен қатар кәсіпорын арнайы техникаларды да сенбілікке жұмылдырды. Тіпті, бірнеше жүк көлігін қоқыс полигонына жөнелтіп үлгерді. Айта кетейін, осында жерленген адамдардың жақындары не қаладан кеткен, не болмаса жасына байланысты тазалауға мүмкіндіктері жоқ. Бұл ретте, «Жауынгерлік қорым» шарасы өз жалғасын таба бермек. Басты мақсат - батырламыздың ерлігін мәңгі есте сақтау.