«ERG Service» мереке қарсаңында өз аруларына бірегей сайыс ұйымдастырды

 

 

Көктем мерекелеріне орайERG Serviceақылына көркі сай нәзікжанды қызметкерін анықтады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Кәсіпорында алғаш рет ERG Service аруы байқауы өтті. 10 үміткер сахнада шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, барлығын таңқалдырды.

Бұл байқаудың алғашқы кезеңі. Қатысушылар шығармашылық қабілеттерін, яғни, вокалдық және хореографиялық өнерін көрсетті. Әрқайсы ұзақ уақыт бойы тыңғылықты дайындық жүргізіген. Көрермен үміткерлердің қабілетін жоғары бағалады. Сонымен қатар, талантты «Кавартет» тобының өнерпаздары сахнаны жандандырды.

 

Байқаудың келесі кезеңі - сән көрсетілімі. ERG Service сұлуларына ұлттық нақыштағы киімдер құйып қойғандай жараса кетті. Байқауды әділ қазы мүшелері ERG Service-тің алдыңғы қатардағы қызметкерлері мен Қазақстанның вице-миссі бағалады. Бұл оңай болмағаны анық, себебі, әр қатысушы жеңіске лайық болды.

 

-Бүгінгі қыздардың бәрі өте әдемі, өте өнерлі қыздар сайысқа қатысты. Бұл біздің ұжымға өте әсерлі мереке деп ойлаймын. Біз енді қазақ, ата-бабамыз атам заманнан қыз балаларды сыйлап, қыз өріс, қыз бала байлық дегендей. Бүгін біз тағы да осындай көктемнің нұрлы күні, күн шуағын шашқан күні осындай керемет дода, сайыс өткіздік. Бүгінгі қатысқан 10 қыздың 10-ы да жүлделі орын алды,-деді ERG Serviceтүгендеу және қойма логистикасы басқармасының басшысы Алмас Алиев.

 

Қатысушылар назардан тыс қалмады, оларға номинациялар мен дипломдар табысталды. Дегенмен, әділ қазы алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен ERG Service аруы атағы мен тәж Мария Капинаға бұйырды.

 

-Мен ERG Service-те 2017 жылдан бері қоймашы болып жұмыс істеймін. Байқауға қатысуды әріптестерім ұсынды. Маған дайындалуға әпкем Аиша көмектесті.ERG Service аруы атығына лайық екенімді дәлелдей алдым. Қобалжу болды әрине. Таланттар байқауы болғандықтан, мен би ұсындым. Дайындалуға уақыт аз болғанына қарамастан, жақсы өнер көрсеттім,-деді ERG Service аруы.

 

Бұл байқауды алдағы уақытта ERG Service-те игі дәстүрге айналдырмақ.