«МолКОМ-Павлодар» балаларға сүт мерекесін ұйымдастырды

 

 

 

Шат-шадыман көңіл күйде жүрген балалардың қуанышы еселенгендей. «МолКОМ-Павлодар» компаниясы дүниежүзілік сүт күніне және балаларды қорғау мерекесіне орай тосын сый жасады. Бәрі осы сәтті асыға күткендей, аниматордың жанына адамдар лезде жинала қалды. Компания өкілдері де барынша дайындалған.

 

- Аталмыш мереке сүт күнімен, яғни, біздің кәсіби мерекемізбен тұспа-тұс келіп отыр. Біз жыл сайын балақайларға барынша қуаныш сыйлауға тырысамыз. Бүгін тәтті дәмділерді және компания логотипі бейнеленген шарларды үлестірдік,-деді «МолКОМ-Павлодар» ЖШС бренд менеджері Екатерина Слободенюк.

 

Сонымен қатар, жиналған қауым сиыр кейпіндегі қаһарманмен суретке түсуге мүмкіндік алды. Сыйлықтар бәріне жетті. Сауда орталығына келушілер шарлармен тәттілерден бөлек жақсы көңіл күймен үйлеріне қайтты. Компания қызметкерлері дәстүрлі шараның жалғасатынын жеткізді.