• Басты бет
  • Мәдениет
  • «РубиКом» компаниясы Павлодар ауылында Наурыз мерекесін ұйымдастырды

«РубиКом» компаниясы Павлодар ауылында Наурыз мерекесін ұйымдастырды

 

 

«РубиКом» компаниясы ұзақ жылдар бойы ауылдық елді мекендердегі Наурыз мерекесін тойлауға демеуші болып келеді. Биыл да қатардан қалмай, балаларға арнап думанды шара ұйымдастырылды. Жануарлар тақырыбын таңдаған аниматор мамандары арнайы бағдарлама жасап, түрлі викториналар, сайыстар өткізіп, балаларды Наурыздың көңілді атмосферасына бөледі.

 

-Дәстүр бойынша «РубиКом» компаниясы жыл сайын Павлодар облысында Наурыз мейрамын тойлау кезінде ерекше белсенділік танытады. Біз мұндай шараларға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бірнеше ауылдарды қамтыдық. Аниматорлардың көмегімен балалардың көңіл күйін көтеріп, оларға сыйлықтар табыстадық,-деді «РубиКом» компаниясының менеджері Лилия Андреева.

 

Бұдан бөлек, сиқыршылар балалармен ойын ойнап, олардың көңілдерін көтерді. Кейін әр бүлдіршінге арнап тәтті сыйлықтар таратылды. «РубиКом» компаниясы үшін Наурыз мейрамын тойлауда белсенділік таныту өте маңызды, сондықтан олар демеуші ретінде тағы бірнеше жобаны қолдады. Мұндай думанды шаралар аймағымыздың басқа да аудандарында қатарлас ұйымдастырылды.