Қалыптас тыс жағдайдағы ән кеші

Светлана Немолочнова бала кезінен музыканың арасында өскен. Бұл жолы да тыңдармандармен әңгіме-дүкен құрып, ортасын әсем әуенге бөледі.

 

Әншінің өнер жолы әжелерінен дарыды. Светлананың айтуынша бала кезінен үлкендердің үйде музыка орындағанын естіп өскен. Кейін 15 жасында қолына гитара алып, романстарға жан-тәнімен ғашық болды. Өзі Павлодар тумасы, қазіргі таңда Новосібір қаласында тұрады. Шығармашылығын да сонда жалғастырып жатыр.

 

Әншінің репертуарында жан рахатына болейтін романс әндері көп. Алайда өзге жанрдағы шығармалары да жетерлік. Мысалы кеш барысында эстрадалық, орыс, сыған халық әндері де орындалды.

 

Авторы: Айгерім Талғат