Қарағанды театры Павлодарда
Чехов атындағы драма театр сахнасы бірнеше күн бойы қонақтардың еншісінде. Қарағандылық әртістер Павлодардың кішкентай көрермендері үшін ертегілер мен үлкендерге арналған салмақты спектакльдерден тұратын бағдарлама әзірлеп әкелген.
- Биыл Чехов театрының сахнасында өнер көрсету бұйырды. Біз Павлодар көрермені үшін 5 бірдей қойылым ала келдік — оның екеуі балаларға, үшеуі ересектерге арналған. Ал гастролімізді өзім сахналаған «Насреддиннің алтын есегі» атты ертегімен ашып жатырмыз. Бұл — кішкентайларға арналған өте көңілді әрі әуезді қойылым, - деп хабарлады К. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының актері Денис Цветков.
Қарағандылық әртістер біздің қалаға небәрі үш күнге келген. Сондықтан павлодарлық театр сүйер қауымның қонақтардың өнерін көріп үлгеруге әлі де мүмкіндігі бар.
Роза Жомартқызы
