• Басты бет
  • Мәдениет
  • Қатты желден зақымданған «Ertis Promenade» сахнасы жабыны жақында ауыстырылады

Қатты желден зақымданған «Ertis Promenade» сахнасы жабыны жақында ауыстырылады

Сахнаның ескі қалқаны 5 жыл бойы тұрған. Қазір кенептің 252 шаршы метрін ауыстыру қажет. Жарғақты материал күннің қызуына және отқа төзімді болуы керек. Жұмыстарды орындауға тапсырысты Естай атындағы мәдениет сарайы береді.

 

Наурыздың 7-сінен 8-і қараған түні қатты желдің салдарынан Ertis Promenade сахнасының қалқасы зақымдалды. Наурыздың 9-ы ол демонтаждалды. Бүгінде материалды ауыстыру бойынша конкурстық шара жарияланды,-дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Темірғалиева.

 

Мемлекеттік сатып алу сайтында бұл жұмыстарға 11,5 миллион теңге қарастырылғаны жазылған. Техникалық сипаттамаға сәйкес материал 15 күннің ішінде ауыстырылуы қажет.