• Басты бет
  • Мәдениет
  • Қазақстан Президенті «Ирбис» телекомпаниясының журналисі Елена Белоградованы марапаттады

Қазақстан Президенті «Ирбис» телекомпаниясының журналисі Елена Белоградованы марапаттады

 

 

«Ирбис» телекомпаниясының журналисі Елена Белоградова Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімін өткізді.

-Ең алдымен, баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз. Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге ат салысады. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай,-деп атап өтті Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев.

Кәсіби мереке қарсаңында Президент сала үздіктерін марапаттады. «Ерен еңбегі үшін» медалі біздің «Ирбис» телекомпаниясының журналисі Елена Белоградоваға да табысталды. Спорт жаңалықтарының жүргізушісі, арнайы тілші Павлодар облысының журналистика саласында 25 жыл бойы қызмет етуде.

Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірде де, кәсіпте те жеңістеріңіз көп болғай!

Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі