Өңіріміздегі ерекше музыкалық топ 5 жылдықтарын атап өтті

Акапелла жанрында көпшілікті тәнті етіп жүрген жігіттер кеште ерекше туындыларды шырқады. Әр әнді әсерлі орындайтын әншілердің өз сыры бар. 5 дауысты бір туындыға бөлу өте қиын, дегенмен, халықтың әр қошеметінен жаңа шабыт алып ісімізді жалғастырудамыз дейді жезтаңдайлар.

 

- Біздің айырмашылық, бізде 5 жігіт 5 дауыста айтамыз. Және де әрбіреуіміз солист болып айтамыз. Біздің жетекшіміз бар. Сол кісі бізге нотаға түсіріп береді, өңдейді әндерді және бізге алып келіп дауысқа бөліп береді, - дейді «Samiyan» тобының әншісі Қанат Абдығомар. 

 

 

Концерттік бағдарламада шетелдік әндер де көрерменге жол тартты. Бірқатар белестерді бағындырған «Samiyan» тобы алдағы уақытта өзге байқауларға қатысып гастрольдік іс сапарға шығуды жоспарлап отыр.