Орталық жағажайдың жаңа аумағындағы жолдардың шеті опырыла бастаған. Күн жылынғалы серуендеп жүрген адамдардың саны артты. Еріген қар суы салдарынан кейбір жерде кеспетастар құлап жатыр.
- Кеспетастардың асты құм, олар әрине қармен бірге шайылып кетеді. Салдарынан кеспетастар да шөгіп, құлап жатыр, - деді павлодар тұрғындарының бірі.
Көктемде мұндай жағдай бұрын да орын алған. Бұл суреттер әлеуметтік желіде таралып кетті. Осы ретте, коммуналшылар олқылықты жоюға кірісті.
- Павлодардың жағажайындағы «Қаз қонақтың» қасында өткен жылдары абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта, опырылған жер телімінде мердігерлік ұйымның қызметтерлері олқылықты жоюда. Жұмыстар кепілдік мерзімі аясында, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.
Жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, әкімдікте жағажайдың бас сахнасындағы қирап қалған баспалдақтарды ретке келтіретіндерін айтты.