Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

«Берекелі бастама» - Ақсу тұрғындары үшін тамаша мүмкіндік

Қоғам

18
ERG корпорациясы Ақсуда «Берекелі бастама» жобасын іске қосты. Металлургиялық компаниялардың қаржылай көмегі арқасында тұрғындар инфрақұрлыммен абаттандыруды жақсартуды өздері шешетін болады. Бұл ретте, 15-тен астам жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Бүгін Ақсу шаһарының тұрғындарына туған қаласының инфрақұрлымын жақсартуға таптырмас мүмкіндік пайда болды. Енді адамдар тарапынан жаңа нысандарды салу немесе қайта жөндеуден өткізу сынды ұсыныстар күтіледі. Ең үздік жобалар - ERG есебінен жүзеге асырылады. Басты мақсат - абаттандыруға бөлінген қаражатты тұрғындармен бірлесе игеру. Айта кетейін, аталмыш жоба әлемдік деңгейде кеңінен қолданылуда. Ал Павлодар облысында бұл бірінші рет.  

 

- «Берекелі бастама» жобасы қоғамның барлық топтары үшін оң нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Біріншіден, әкімдік үшін біз қаланы жақсарту, қаланы абаттандыру мәселелерінде тұрғындармен жолға қойылған диалогты құрамыз. Біздің компания үшін басты міндет жұмыскерлердің, өңір тұрғындарының қанағаттануы, сондай-ақ осы тәжірибені бүкіл республикаға тарату мүмкіндігі, - деді «Еуразиялық топ» (ERG) ЖШС жұмыскерлер мен әлеуметтік мәселелер бойынша Блок Кеңесшісі Мади Исмаилов.

 

- Барынша объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жобалық ұсыныстар арнайы құрылған budget-uchastiya.kz порталы арқылы қабылданатын болады. Дауыс беру портал арқылы онлайн режимінде өтеді, - деді Ақсу қаласындағы «Берекелі бастама» Жобалық орталығының басшысы Сергей Гуляев.

 

Әкімдік «Берекелі бастама» жобасын толық қолдап отыр. Жобалар тек Ақсу қаласының инфрақұрылымына қатысты болуы тиіс. Ал осындай жобаны ұсынып, оның жүзеге асуына ат салысу үшін осы елді мекенде тіреуде болуы міндетті емес.

 

- Бір жобаның құны - 6 миллион теңгеге дейін. Бұл сомаға ауланы ретке келтіру, балалар, спорт алаңы оңай салуға болады. Әрине, үлкен, кәсіби емес, аулаға арналған шағын алаңдар салынады, - деді серіктес Дмитрий Котов.

 

Ұйымдастырушылар идеядан бастап, іске асыруға дейін интернет арқылы барлығына ашық және қолжетімді болатынын атап өтті. Әр ұсынысқа үлкен басымдық беріліп, жобалық орталықтың мамандары көмек береді.  Ақсу тұрғындарынан өтініштерді бір ай ішінде қабылдайды. Содан кейін жобаларды іріктеу және бекіту басталады. Үздік атанғандары 2022 жылы жүзеге асырылады.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()