Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

«Рубиком» компаниясы ардагерлерді құттықтады

Қоғам

29
«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын «Рубиком» компаниясы қолдады. Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне барып қайтты.

«Рубикомнан» келген қонақтарды Николай Ступка қуанышпен қарсы алды. Ол жасы 18-ден енді асқанда соғысқа аттанған. Бүгін өзінің майдан жолын қайта есіне түсірді. Әскерге 1944 жылы шақыртылып, Жапониямен шайқасқа қатысқан.

 

- Жапондықтарда біздегідей қару-жарақ болды. Біз бір жақтан, олар екінші жақтан тұрдық. Біздің жолымыз болды. Бірнеше рет қиындыққа тап болдық. БТР, танкілер болды. Соғысқа аяқталуға жақын қалғанда бардым. Кейін Қытайда әскерде қалдым, - деді Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Ступка.

 

 

«Рубиком» өкілдері 170-тен астам ардагерге барған. Әрқайсысына сыйлықтарымен. Үлкен азық-түлік жиынтықтарын табыстады.   

 

- Біз үшін мұндай адамдармен тілдесу өте маңызды. Арамызда қалғаны көп емес. Біз үшін өз Отанын сүйетін батылдықтың, ерліктің белгісі. Олардың арқасында бүгін біз бейбіт аспан астында өмір сүрудеміз, - деді «Рубиком» компаниясының өкілі Лилия Андреева.    

        

Ленин кенті, Черноярск ауылдық округі, Павлодарское ауылы және облыс орталығының Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне барып қайтты. Акция жалғасуда. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()