Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

«Тұмар» Павлодарда

Қоғам

41
«Ирбис» телекомпаниясы - Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегері атанды. Ұжым «Үздік аймақтық телеарна» аталымы бойынша топ жарды.

Биыл «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы бесінші мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт ішінде көптеген мамандардың біліктілігі мен кәсіпкерлігі ерекше бағаланып, марапаттарға ие болды. 2020 жыл бұл тарапта бірқатар өзгешеліктер енгізгені бегілі. Індет салдарынан барлық сала мамандары қашықтықтан жұмыс жасауға бейімделді. Тек тілшілер ғана басын қатерге тіге отырып, оқиғаның ортасынан табылып, халыққа ақпарат жеткізуге тырысып келеді.

 

- Сондықтан «Тұмар» премиясы биыл да екінші рет онлайн форматта өтіп отыр. Биыл 48 отандық телевизия өкіліне Тұмар бәйгесінің сыйлығы табысталатын болады. Жарияланған 10 номинация бойынша, 850 өтінім келіп түсті, әсіресе үздік деректі фильм, үздік тележурналист, үздік тележүргізуші, үздік режиссерлік номинациялары бойынша бәсеке өте жоғары болды, - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

 

«Үздік аймақтық телеарна» аталымы бойынша 4 ақтық сынға шыққандардың арасынан «Ирбис TV» жеңімпаз болып табылды.

 

- Шынымен де өмір бір орында тұрмайды, өзгереді. Әсіресе өткен жыл барлығымыз үшін оңай болған жоқ, біз де көрермендеріміздің көңілінен шығуға тырыстық. Өз әріптестеріме, ұйымдастырушыларға барынша алғысымызды білдіремін, - деді «Ирбис» телекомпаниясының бас редакторы Тимофей Голев.

 

Барлық аталым бойынша жүлдегерлерге «Тұмар» белгісі мен 1 миллион теңгеге сыйақы табысталды. Айта кету керек Ирбис телеарнасы - республикалық деңгейдегі осындай аламанда жеңімпаз атанып отырған өңіріміздегі алғашқы БАҚ.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()