Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Қалаған оқушылар маусымның 19-на дейін білім алады

Қоғам

29
Үлгерімін көтеремін дегендер мамырдың 26-сы басталатын жазғы мектепке қатыса алады. Басымдылық жыл бойы көбіне қашықтықтан оқығандарға беріледі. Дегенмен ешкімді мәжбүрлемейміз дейді білім басқармасында.

Оқу жылы дәстүрлі түрде мамырдың 25-і аяқталады. Ал жиырма алтысынан маусымның 19-на дейін жазғы мектеп басталады. Негізгі мақсаты оқушылардың білім сапасын көтеру. Басымдылық үлгерімі төмен сонымен қатар, 6, 7, 8, 10-сынып оқушыларына беріледі. Себебі олар биылғы оқу жылында көбіне қашықтықтан оқыды. Айта кететіні, ешкімді мәжбүрлемейді, бұл ата-аналардың өтінішімен. Пәндерді де өздері таңдай адады. 

 

- Мұғалім оқыту формасын өзі  таңдай алады. Дәстүрлі түрде сабақ өткізу қажет деген талап жоқ. Сабақтар жоба негізінде, тәжірибе ретінде, тіпті зерттеулер, таза ауадағы сабақтар болуы мүмкін. Басты мақсат оқу жылында оқушының түсінбегенін оқытып, қандай да бір олқылықтарды жою, - деді Павлодар облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Жанат Асаинова.

 

Мектеп формасына қатысты талап жоқ. Ал жазғы лагерлердің болуы болмауы екі талай. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты дейді білім басқармасындағылар.

 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()