Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Қала әкімдігінде автобус парк қызметкерлерінен жазбаша шағым күтуде

Қоғам

16
Шенеуніктердің айтуынша, ресми құжат ведомствоға келгеннен бастап, бір апта ішінде оны зерттеп, шешім қабылдайды.

Кеше кешкі уақытта аялдамаларда адамдар толып тұрды. Естеріңізге салсақ, жүргізушілер мен кондукторлар жұмыстарын тоқтатты. Күннің екінші жартысында жиырмаға жуық автобус бағыттарынан кетіп, №1 парктің әкімшілік корпусында басшылық пен шенеуніктерді күтті.  

 

- Әрине, қала әкімдігінің өкілдерімен сөйлескіміз келеді. Біз мұнда сағат екіден бастап тұрмыз. Бізбен ешкім байланысқа шыққан жоқ. Басты себеп қаржы тапшылығы. Бүгінде біз ірі класстағы көліктері залалсыздандырамыз. Және оларға үнемі бетперде киюді талап етеміз, - деді кондуктор Анастасия Черникова.

 

Тек қана қала маңындағы ауылдарда қатынайтын автобустар жұмысын тоқтатқан жоқ. Павлодарлықтарды бұл жағдай қатты алаңдатты. Айтуларынша, мәселе салдарынан жолаушылар зардап шекті. Ешнәрседен хабары болмаған адамдар сағаттап автобус күтуге мәжбүр болған.  

 

Бүгін қалалық әкімдікте жағдай бақылауға алынды деп мәлімдеді. Таңғы сағат 6-дан қоғамдық көліктің 80 пайызы бағытқа шықты. Жиын барысында олар ай сайынғы жалақы немесе жалдау құнын азайтуды сұрады. Бүгінде бір автобус үшін бір ауысымда 5 мыңнан 20 мыңға дейін төлейді. Бұл бағдар мен автобустың жағдайына байланысты.  

 

- Кешкі уақытта облыс әкімінің орынбасары және қала әкімі паркке барды. Жүргізушілермен әңгімелесіп, туындаған сұрақтарды талқылады. Барлығын жазбаша түрде хаттамаға толтырылатын болады. Кейін ол хат әкімдікке жіберіледі. Шешім сонда қабылданады, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлім басшысының м.а. Игорь Рыбас.  

 

Шенеуніктердің айтуынша, хат әкімдікке келе салысымен, бір апта ішінде шешім шығарылады. Айта кетсек, биыл жеңілдік санатымен жүретін 7 санат бойынша паркке айына 8,2 миллион теңге қайтарылды. Алайда, демалыс және мерекелік күндері автобус жүрмегендіктен аталмыш сомма 4-6 миллион теңгеге дейін қысқарылды.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()