• Басты бет
  • Қоғам
  • Қаладағы Мәшһүр Жүсіп-Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жол ашылды

Қаладағы Мәшһүр Жүсіп-Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жол ашылды

Су құбырын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Екі жылдық жоба бойынша коммуникациялар Мәшһүр Жүсіп бойымен Толстой көшесінен Олжабай батырға дейін тартылуда

Мәшһүр Жүсіп – Толстой қиылысындағы қазба жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Қазір мердігерлік ұйым Олжабай батырға дейін жеткен. Жалпы 2,5 шақырым аралықта құбыр ауыстырылды. Қазір жоба аяқталуға жақын. Мұндағы соңғы нүктедегі орталық жүйеге қосылу ғана қалды. Көліктердің кептелісін азайту мақсатында Торайғыров көшесіндегі телімді қысқа уақытта ашуға тура келді.

-Диаметрі 560 мм құрайтын су құбырын ауыстырудамыз. Жұмыстар екі жылға жоспарланған. Биыл екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Құбыр алмасқаннан кейін қаланың солтүстік бөлігі ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Оның алдындағы ескі құбыр 40 жыл бұрын қолданысқа берілген болатын. Сәйкесінше, апат сандары көп болған,-деді мердігер Эдуард Плахотников.

Жаңа құбыр құрылысына шамамен 800 миллион теңге бөлінді. Жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлайды. Кейін асфальт қалпына келтіріліп, полиэтилен құбырын жуып-шаю, хлорлау сынды ауыз судың сапасын жақсарту шараларын орындайды