Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Қазір Павлодар облысында АИТВ-ға шалдыққандар тізімінде 2258 адам бар

Қоғам

16
АИТВ және ЖИТС сырқаты туралы павлодарлықтардың ойы екіге бөлінді. Көбісі бұл терминдер 90-шы жылдары қалған және қазір мәселе өзекті емес деп санайды. Осы ретте, тілшіміз тұрғындардың бұл тақырыптағы ақпарат алғандықтарын тексеріп, білікті мамандардың кеңесін тыңдады.

Мамандардың айтуынша ең бастысы індетке шалдыққан науқастардың ішкі дүниесін түсініп, әрбіреуінің оқиғасын тыңдап, барынша қолдау көрсету. Осы ретте, түсірілім тобы облыстық ЖИТС орталығына барып, АИТВ-ға өз мәртебесін білу үшін тест тапсырып, тегін көрсетілетін қызмет түрлерімен танысты. Профилактика шараларының бірі – достық кабинеттері. Ол жерде қауіп-қатер тобындағы адамдарды анонимді қабылдайды.

- ЖИТС-ке шалдыққан адамдардың ең бірінші сезімдеріне тоқталатын болсақ, әрине, қорқыныш болады адамда. Өзінің мәртебесін қабылдамау, бірақ бұл сала бойынша біздің мамандарымыз психотерапевт дәрігерлер жұмыс істейді, инфекционист дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың барлығы олардың барлығы осы адамдармен жұмыс жүргізіп, оларға психоәлеуметтік кеңес беріп, тестілеуден өткізеді, - дейді Павлодар облыстық ЖИТС орталығының маманы Жұлдыз Байдаурова.

Тест оң нәтиже берген жағдайда антиретровирустық терапия тағайындалып, бірден емдеу курстары басталады. АИТВ жұқпасына шалдыққандар емін-еркін ұзақ өмір сүре алады. Медициналық көмектің барлығы тегін ұсынылады. Сырқат туралы павлодарлықтардың ойы екіге бөлінді.

Бүгінде жергілікті ЖИТС-орталығының техникалық базасы үнемі жаңартылуда. Барлық заманауи құрылғылар орнатылды. Сол себепті мамандар уақыт жоғалтпай, облыс тұрғындарын анонимді түрде тест тапсыруға шақырады. Ең бастысы жақыныңа жаңашыр болып, індеттің қауіпті түрін алдын алу.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()