• Басты бет
  • Қоғам
  • Қазақстанда 1 желтоқсаннан жазғы доңғалақ үшін айыппұл салады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан жазғы доңғалақ үшін айыппұл салады

Енді қысқа доңғалақ болмаса айыппұл төлеуге тура келеді. Ұзаққа созылған күз бен қардың болмауы оны ауыстыруды кейінге қалдыруға себеп емес дейді полицейлер деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Желтоқсанның 1-і мен 7-сі аралығында ҚР аумағында «Қауіпті жүргізуші» жедел алдын алу шаралары өтеді. Осы рейд аясында көлік құралдарының техникалық жағдайы қаралады. Сонымен қатар доңғалақтарға мән беретін болады. Ол қысқы болуы шарт. Қазіргі таңда доңғалақ ауыстыратын орындарда алғашқы қар түскен кездегідей дүрбелең жоқ. Дегенмен де қар түспегенін желеу қылып ауыстырмай жүргендер баршылық дейді тәртіп сақшылары.

 

-ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексіне сәйкес доңғалақтардың маусымға сәйкес келмегені үшін 5 АЕК айыппұл төлеу қаупі бар. Себебі жазғы резеңке суық ауа райында қатайып, жолмен жанасуы бұзылып, нәтижесінде бұл жол көлік апатына әкелуі мүмкін. 1 желтоқсаннан бастап бұл үшін айыппұл сала бастаймыз,- дейді Павлодар облысы ПД ӘПБ жол техникалық инспекциясының аға инспекторы Арман Карыбаев.

 

 

Егер бұл заң бұзушылық жыл ішінде тағы қайталанса бұл сома 20 АЕК болмақ.

Ал ауа райына келсек синоптиктердің болжамы бойынша Павлодар облысында желтоқсанның бірінші он күндігінде түнгі ауа температурасы - 5-тен – 18-ге дейін көтерілмек. Ал күндіз +3-тен -10-ға дейін болады. Бұл ретте ай бойы боран, қар аралас жаңбыр, көктайғақ күтілуде. Екінші онкүндікте көп дегенде -13-ке дейін суытады. Ал айдың соңында түнде -8-ден -20-ға дейін, ал күндіз -3-тен -10-ға дейін ғана болмақ.

 

 

Бибінұр Хамитқызы

 

фото: Freepik.com