• Басты бет
  • Қоғам
  • Қоқыс еденнен төбеге жетеді: Павлодарлық көпқабатты үй тұрғындары шенеуніктерден көмек сұрады

Қоқыс еденнен төбеге жетеді: Павлодарлық көпқабатты үй тұрғындары шенеуніктерден көмек сұрады

Қалалық пәтерлердің біріндегі қоқыс еденнен төбеге жетеді. Иесі болған марқұм зейнеткер өмірінің соңғы күндеріне дейін ішіне түрлі заттарды жинаған. Қазір көршілері тарақандар мен жағымсыз иіспен күресу үшін шенеуніктерден көмек сұрайды.

 

Қазанның 13-і күні Павлов көшесінің тұрғындары өз көршісіне есік қаға алмады. Олар бірден құтқарушыларды шақырып, мамандар қоқысқа толы пәтердің еденінде жатқан әйелді тапқан. Келесі күні ол ауруханада көз жұмды.

 

-Бұл үйдегі 47 пәтер иесі зардап шегуде. Көбісінде үйде кішкентай балалар бар. Кіреберіс ішінде жүру үшін мұрынға маска киеміз. Пәтерде тарақандарды қаптап жоюдамыз. 4-ші қабатқа дейін жетті. Біз де біртіндеп оның салдарымен күресудеміз.,-деді Павлов көшесіндегі №34/1-үйдің тұрғыны Лариса Пигарева.

 

Пәтер иелері өз күштерімен тарақандар мен жағымсыз иіспен күресуде. Барлығы бір ауыздан қоқысқа толы баспананы тазартуды сұрайды.

 

-Бұл мәселеге СЭС, тәртіп сақшылары көмектесуден бас тартуда. Олар иесі қайтыс болды енді жарты жыл күту керек дейді. Жарты жылдан кейін ана қоқыс шіріп, үйіміз қоқыс орнына айналады ғой,-деді Павлов көшесіндегі №34/1-үйдің тұрғыны Роза Андреева.

 

Плюшкин ауруына шалдыққан зейнеткер өмірінің соңғы күндерін жалғыз өткізген. Айтуларынша, оның Ямышево ауылында туыстары бар. Көршілері тәртіп сақшыларынан бұл ақпаратқа назар аударуды сұрайды. Және қоқысқа толы пәтерді тазалауға шақырады.