Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған павлодарлық фирма банкротқа ұшырауы мүмкін

Қоғам

19
128 миллион теңгеге тендер ұтып алып, жұмыстардың 80 пайызын орындаған мердігер алақол деп танылған.

Евгенийдің компаниясы 2019 жылы Аягөз қаласында қорғаныс Министрлігі нысандарының бірінде қақпа орнатуға тендер ұтып алған. Жалпы сомасы 128 миллион теңгеден астам. Алайда нысанға келгенде басқа мердігер жұмыс істеп жатқан. Анықталғандай бір уақытта 2 конкурс өтіпті. Тапсырыс берушілер хаттама толтырып, осы сомаға басқа жұмыстарды жүргізуге ұсыныс жасаған. Мердігер жұмыстарға сол жылдың қазанында кірісіп кеткен.

- 3 айдан соң жұмыстың 80 пайызы орындалып яқталуына жақын қалғанда бірінші нысанды тапсырдық. РЭЧ комиссиясы қабылдап барлық құжаттарға қол қойылды. Кейін ГУРВ-ға тапсырылды. Олар да қол қойды. Бұдан соң бізбен бір жақты келісімшарт үзілгені анықталады. Себебін бізге әлі де түсіндірмеді, - дейді құрылыс компаниясының директоры Евгений Кузьменко.

Кейін Евгенийдің компаниясын алақол мердігер деп сотқа береді және одан келісімшарттың орындалмағаны үшін 3 пайызын қайтаруды сұрайды. Айтуынша іс жылдарға созылған. Қазір компаниям банкротта дейді. Материалдары да сонда қалған.

- Қазір мен өзім салған соманы алып шықпасам, материалдарды жеткізгендердің алдында, жұмыскерлерге берешегім бар. Қазір оны төлейтін ақшам жоқ. Барлық қаражат осы келісімшартқа салынған болатын, - деп Евгений Кузьменко ағынан жарылды.

Айта кететіні, павлодарлық Евгений бұл бизнесте 2016 жылдан еңбек етіп келеді. Бұған дейін де қорғаныс министрілігімен басқа да келісімшарттарға отырып, жұмысын толық тапсырған. Қазіргі таңда мәселеге қоғамның назарын аударып, шешілсе дейді.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()