Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Үй жанында дүкен болады ма?

Қоғам

19
Кәсіпкер мен жергілікті тұрғындар үш ай бойы жер телімін бөле алмауда. Естеріңізге салсақ, бұрын газгольдерлер болған жерде «Үй маңындағы дүкен» салуды жоспарлаған еді. Нәтижесінде учаскені коммуналдық меншікке қайтару шешімі қабылданды. Жергілікті тұрғындар бірден қарсылық білдіріп, жағдайға қала әкімдігі араласты.

-Біз бірнеше жерді қайтаруды сұрап, хат жібердік. Оның ішінде Қайырбаев 104 мекенжайы да бар. «Павлодар» ӘКК 37 жер телімін мемлекет меншігіне қайтару шешімін қабылдады. «Үй маңындағы дүкен» бағдарламасын жүзеге асыру мүмкін болмады, - деді Павлодар қала әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Кәсіпкер дүкен құрылысына жұмсаған шығынды ӘКК жабуға дайын. Алайда жеке тұлға шығынды қайтарумен келіспеуде. Айтуынша нысанның құрылысын аяқтап, оны ашу оңтайлы шешім болады.

 

-Менің ойымша мемлекеттік органның шешімі жөнсіз. Себебі ол менің сенім білдірушілерімнің мүддесіне қарама қайшы. «Альянс-Н» ЖШС мен мемлекеттің пайдасына. Бүгінгі күні «Альянс-Н» жұмсалған шығынды қайтару мәселесі қарастырылуда. Ол ондаған миллионмен есептеледі. Ол қаражат бюджет есебінен қайтарылады. Сәйкесінше, ауыртпалық әкеледі. «Альянс-Н» ғимаратты 80 пайызға аяқтады, - деп мәлідеді ЖШС қорғаушысы Манарбек Мұсинов.

 

Бүгінде «Үй маңындағы дүкен» бағдарламасы жоқ. Жер телімдерін коммуналдық меншікке қайтару үдерісі жалғасуда. Енді бұрын газгольдерлер болған учаскелерде абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл уақытта, Қайырбаев 98 мекенжайында құрылыс жүргізген кәсіпкер сотқа жүгінбек.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()