Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Өндіріс ошағының сапалы жұмысы мамандардың білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты

Қоғам

24
Сондықтан жас студенттермен кәсіптік бағдар өткізу маңызды дейді «ERG Service» қызметкерлері. Еуразиялық Топтың орталықтандырылған сервистік кәсіпорны Ақсудағы колледж тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

Ақсудағы Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледжінің белсенді студенттерінің барлығы бірегей іс-шарада бас қосып, «ERG Service» ЖШС  жетекші мамандарымен танысып, кәсіпорын жұмысымен танысты.  Жастар қонақтардың айтқанына құлақ салып мұқият тыңдап отыр. Себебі болашақ жұмыс орнын таңдау өмірдегі маңызды шешімдердің бірі.

- Бұл өте маңызды іс-шара. Білім беру жүйесі мен өндіріс ошағы өзара байланысты. Себебі кадрлардың дайындығына жұмыс сапасы тікелей тәуелді. Біз Еуразиялық Топтың  кәсіпорындарында, негізінен энергетикалық қондырғыларды жөндеумен айналысамыз. Жауапты жұмыс. Сондықтан болашақ мамандардың білімі, біліктілігі біз үшін өте маңызды, - дейді «ERG Service» ЖШС жөндеу бойынша директоры Сергей Перепечин.

Айту керек, «ERG Service» ЖШС- жабдықтарды дайындау, қызмет көрсету және пайдалану, жөндеу және қосалқы үдерістерді қолдау және дамытумен айналысатын Еуразиялық Топтың орталықтандырылған сервистік кәсіпорны. Студенттер компанияға қызметке тұруға ерекше қызығушылық білдіріп, өз сауалдарын қойды.

- Осындай кездесулер өте маңызды. Болашақта студенттер жұмысқа орналасқанда, өздеріне маңызды сұрақтарына жауап алып,  болашақ жұмыстарымен жақырынырақ танысуға болады, - дейді Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі 4-курс студенті Мария Лаутеншлейгер.  

Жиынның ресми бөлігі аяқталған соң, Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледж түлегі, қазргі «ERG Service» ЖШС қызметкері сөз сөйлеп, тәжірибесімен бөлісті. Студенттер ойын түріндегі танысуға қатысып, кездесу жұмыскерлер жөніндегі фильммен аяқталды.

 

Авторы: Дархан Бекишев

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()