Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Өткен апта бойынша коронавирус індетін жұқтыру 7,3 процентті құрады

Қоғам

21
Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша төрт әйел перинаталдық орталыққа түскен. Оларды бірден перзентханаға апарыпты, дәрігерлерде тест нәтижесін күтуге уақыт болмаған. Босанған соң бірден олардан коронавирус анықталды. Қазір сәбилерінен, сонымен қатар әйелдерді босандырған дәрігерлерден де анализ алған. Барлығы карантинде. Жалпы аймағымыздағы эпиджағдай тұрақты дейді санитарлық дәрігерлер.

-Өткен аптада коронавирус індетін жұқтыру 7,3 процентті құрады. Бұл оның алдындағы аптамен салыстырғанда айтарлықтай төмен,-деді Павлодар облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлмира Құлмағамбетова.

 

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша жалпы бүгінгі таңда облыстағы эпидемиологиялық жағдай жақсы. Сол себепті қазір бекітілген карантиндік шараларды қатаң сақтап, жалғастыру керек. 

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()