1-сынып оқушылары үшін Білім күні дәстүрлі үлгіде өтеді
Білім беру мекемелері дәстүрлі оқытуға дайындалуда, алайда бұл нақты емес. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлығы өзгеруі мүмкін дейді білім басқармасындағылар. Ал мектеп табалдырығын енді аттайтын 11 мыңнан астам оқушыға 1-қыркүйек күні салтанатты шара ұйымдастырылады.
- Білім беру министрлігінің ақпаратына сәйкес 1 қыркүйек 1-сынып оқушыларына салтанатты түрде өтеді. Ал қалған сыныптарға сынып сағаттары ұйымдастырылады, - дейді Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Баширова.
Биылғы оқу жылында мектеп формасына да қатысты қатаң талап жоқ. Сондай-ақ білім басқармасы мамандарының айтуынша мектеп қызметкерлері толығымен дерлік вакцина алған. Олар білім ордасына тек «Ашық» қосымшасы арқылы кіре алады.
Авторы: Арнагүл Исабекова