1 желтоқсаннан бастап жазғы доңғалаққа тыйым салынады: павлодарлық полицейлер ескерту жасады
Полиция қызметкерлері таяу күндері ауа райының бұзылатынына ерекше назар аударды. Өңірде жаңбыр, қар, қатты жел және көктайғақ күтілуде. Ал мұндай қолайсыз күндері жолда көріну қашықтығы төмендеп, тежеу жолы ұзарады және көлікті басқару қиындап, жол-көлік оқиғаларының қаупі артады.
- 1 желтоқсан мен 28 ақпан аралығында қысқы доңғалақсыз көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Олар көліктің барлық доңғалақтарына орнатылуы тиіс. Жаяу жүргіншілер де өте мұқият болуы қажет. Тайғақ жолда жүргізуші көлікті лезде тоқтата алмайтынын ұмытпаған жөн. Жол бөлігіне шықпас бұрын жүргізушінің сізді байқағанына және жол бергеніне көз жеткізіңіз. Жолдан өткен кезде телефонға алаңдамаңыз, құлаққапты шешіңіз және капюшонмен көру аймағын шектемеңіз, - депескертті облыстық полиция департаментінде.

