12 қой иттің жеміне айналды
Мал иесі полицияға жүгінген. Нәтижесінде шабуыл жасаған бір иттің иесін анықтады. Қан жоса малдың арасында тірілері де бар. Иттер түнгі уақытта шабуылдап, нәтижесінде 3 қой мен 9 тоқтыны жем қылған.
-
Аталмыш дерек бойынша 46 жасар ит иесіне қатысты ҚР әкімшілік кодекстің 408 бабы екінші бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл жеке тұлғаға шығын келтіруге әкелген итті қыдырту ережесін бұзу. Аталмыш бап бойынша 10 АЕК айыппұл салынады. Бұл 30 мың теңгеден асады,- дейді Павлодар облысы ПД ЖПҚ басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
Қойлардың иесі барлық мал бойынша келтірілген шығын 400 мың теңгені құрағанын айтқан. Бұл ақшаны ер адам енді тек сот арқылы ғана қайтара алады.
Авторы:Бибінұр Хамитқызы