133 миллион теңге: Павлодардың жол сызықтары неге қымбат?

Бұл қиылыс тұрғындардың арасында «колхозник өлімі» лақап атымен таралып кеткен. Тәжірбиелі жүргізушілер үйреніп қалған, ал тәжірбиесі жоқтар оны айналып өтуге тырысады. Жүргізушілердің айтуы бойынша ақ жолақтардың жоқтығы көлік апатына әкеліп соғады.

 

- Белгі қай жерде сызылғаны көрінбейді, қардың кесірінен қай жерде бұрылатынымызды да білмейміз. Қарды тазаласа да көрінбейді, - дейді көлік жүргізушілерінің бірі.

 

2021 жылы жол сызбаларына 70 миллион теңге жұмсалды. Биыл 133 миллион теңгеге дейін өсті. Коммуналшылар ТҮКШ бөлімі бұл сызбаларды ұзаққа шыдамайтынын мойындады. Жол сызықтарына кепілдік - 3 ай ғана дейді.

 

 -Жол таңбалары жойылуда, себебі, жазғы уақытта техника көше сыпыруға шығады. Ал қысқы уақытта ауыр техникалар жүреді. Осының салдарынан сызбалар өшіп қалады, - деп мәлімдеді ТҮКШ бөлімінің басшысы Бауыржан Аралов

 

ТҮКШ бөлімі сома өсуінің себептері бар екенін айтты. Биыл олар термопластиканы көбірек қабылдамақшы. Сондай-ақ, олар енді сызықтарды жылына екі рет емес, өшкен уақытта боялатынын айтты.