• Басты бет
  • Қоғам
  • 2022 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын сома көлемі артады

2022 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын сома көлемі артады

 Жұмыс берушілердің аударымдары 1 пайызға артып, жұмыскерлер жалақысының 3 пайызын құрайды. Алайда ол 18 мың теңгеден аспауы шарт. Ал азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндердің жарнасы табыстарының 2 пайызын құрап, 12 мың теңгеден аспауы тиіс.

- 2022 жылы бірыңғай жиынтық төлем 1 есептік көрсеткішті құраған жағдайда 3063 теңге болып саналады. Ауыл тұрғындары үшін сол көрсеткіштің жартысын төлеуі керек 1531 теңге құрайды, - дейді Павлодар облысы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының халықты ақпараттандыру және азаматтардың өтінішімен жұмыс істеу бойынша бөлімінің басшысы Алма Мукатова

Ал дербес төлеушілер үшін жарна сомасы АЕК көлемінің 5 пайызын яғни 3000 теңгені құрайды. Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін жарна 4200 теңгеге өзгереді.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова