2022 жылдан ПИК-тер болмайды

Тұрғын үй қатынастары заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, көпқабаттылардың күтіміне пәтер иелері жауапты болады. 2022-ші жылдан бастап, ПИК-тердің орнын қарапайым серіктестіктер басады. Үй басшысын адамдардың өздері сайлап отырады. Жаңа түрге көшу құжаттарын рәсімдеуге шамамен бір ай жұмсалады. Бұл барлық көпқабаттыларға қатысты дейді мамандар. Басқару формасын ауыстыру үшін бастамашылардың тобын құрып, жиналыс өткізу қажет.  

 

- Жиналыс кезінде мүлік иелерінің бірлестігіне көшу туралы өтінішке барлық тұрғындар қол қою керек. Кейін түгел түбіртектер мен мемлекттік баж төленуі қажет. Жиналған барлық құжаттар құқық органдарына жіберіледі. Тіркеу құжаттары 5-7 күнде дайын болады, - деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің заңгері Гауһар Арынғалина.  

 

Бүгінде Павлодарда 4 МИБ-тіркелді. Бұл Құдайбердиев 14, Шөкин 100, Ткачев 18 және Муткенов 54 мекенжайында. Бөлім мамандары тұрғындармен күнделікті түсіндіру жұмыстарымен айналысып, басқарудың жаңа формасына көшу қажеттілігі туралы айтады. Ең бастысы - 2022-ші жылдан бастап, барлық ПИК-тер жойылады. Олардың орнына қызмет көрсету компаниялары жұмыс жасайды.