23 жастағы павлодарлық ресми мәліметтер бойынша өзінінің өлі адамдар қатарында екендігін білген
Аман қазір елордада тұрады. Алайда оны Павлодар облысындағы мәселесі мазалауда. Жігіттің айтуынша ол 2016 жылы әскерге барғанда өзінің өлгендер тізімінде екенін білген.
- Мен әскерден соң жұмысқа орналаспақшы болдым. 2017-2018 жылдары болу керек. Павлодарда жұмысқа тұрмақшы болдым, сол кезде жұмыс берушіге флюорография беруім қажет еді, - деді Аман Жансейітов.
Сол кезде емханада оның өлгені туралы айтқан. Бұл туралы өзі туған Железин ауданында тексеріс жүргізуге сөз берген. Алайда ресми жауап ала алмаған. Одан кейін бұл оқиға туралы ұмытып кеттім дейді. Ал екі апта бұрын елордалық ауруханада оған ресми түрде марқұм болғанын айтқан. Қалай болғанда да әділет министрлігінен алған мәлімет бойынша емхананың ақпараттық жүйесі осындай дерек берген.
- Ақпараттық жүйеге сәйкес жеке тұлғалардың мәлімет қорында осы жас жігіт туралы ақпарат тексерілді. Өмірлік мәртебесінде ол тірі деп көрсетілген, - дейді Павлодар облысы әділет департаментінің бөлім басшысы Лариса Кабжасарова.
Әділет департаментінде базада Аман Жансейітовтың өлімі туралы немесе аталмыш мәліметті біреу жойғаны туралы ақпарат жоқ екенін айтты. Барлық жүйені қарап жігіттің қалыпты өмір сұре беруіне болатынын жеткізді. Оның жеке куәлігі де жарамды, ЖСН де жойылмаған. Аман 2011 жылы өзінің Азан деген ағасы көз жұмғанын айтты. Қателік сол кезде кеткен деп болжайды.