3 келі балық үшін 1 миллион теңге
Екі ер адамға қызыл кітапқа енген балықты аулағаны үшін 18 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеу қаупі төніп тұр. Оларды Ақсу ауылдық аймағындағы көлде ұстаған. Қармақтарына қымбат тұратын ақбалық түсіпті. Және инспекция мамандарын көрген кезде айғақтан құтылуға тырысқан.
- 3 келі 300 грамм болатын бір балық тәркіленді. Алайда «Қызыл кітапқа» енген бұл балықтың салмағына емес, түріне қарай айыппұл салынады. Аталмыш балықтың бір түрі үшін 300 АЕК, яғни бұл қазір 918 мың 600 теңге, - деп мәлімдеді балық шаруашылығының Зайсан-Ертіс облысаралық бассейн инспекциясының бас маманы Василий Павлов.
Қылмыстық іс ашылды. Бап бойынша ірі айыппұл немесе 3-тен 6 жылға дейін бас бостандығынан айырады.
АВТОР: Бибінұр Хамитқызы