3 тонналық балғамен жұмыс жасайтын әйел

Алғашқы мамандығы бойынша кітапханашы Елена Тарасова өзін әрдайым өндірістен көрген. Сондықтан ақ жейдесін ERG Service құймалы-механикалық цехындағы былғары етік пен арнайы костюмге оңай ауыстырған.

 

- Басқа атмосфераға түсу қызықты болды. Қазір менің кітапханашылық бірнеше қызметім бар. Бұл «5С-де» рәсімдеу. Кітапханашы тәжірибесі мұнда да қажет болды. Мен өзімді осы жерден таптым. Ұсталық іс кітапханашылықтан қарағанда жаныма жақын, - деді «ERG Service» ЖШС ҚМЦ балғалары мен престерінің машинисі Елена Тарасова.

 

 

- Оның міндетіне ауысым басында құрылғыларды қарап шығу, оның жұмыс істейтінін тексеру кіреді. Екі ұстамен бірге балғалар мен дайындамаларды қарайды. Біз өз әйелдерімізді жақсы көреміз, менің учаскемде 40 адам, оның сегізі - әйел. 5 кран машинисі мен 5 балға машинисі, - деді «ERG Service» ЖШС ҚМЦ жөндеу-дайындау учаскесінің бастығы Ерлан Омашев.

 

 

Пресстің соққы күші шаршы сантиметріне 5 мың келіні құрайды.  Кейіпкеріміз осы құрылғының ойдағыдай жұмыс жасауын қадағалап басқарады. Өндірісте оған ұсталар көмек көрсетеді. Ал жанұясындағы басты көмекшілері перзенттері. Үлкен ұлы Анатолий 25-те болса, кішісі Виктор - 15 жаста.

 

 

- Балаларға әрқашан уақыт табылады. Үйге келіп күнделікті жұмыстағы әрекеттерімді айтып отырамын. Себебі оған қатты қызық. Жалпы оны қазір бар нәрсе қызықтырады. Баламның жауапкершілігі мол болғанын қалаймын. Біздің ұжым өте тату, көңілді. Жұмысқа келген кезде барлық ауыртпалық артта қалғандай болады, - деді біздің кейіпкер.     

                  

Елена бұл кәсіпорында 6 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол өзінің тәлімгері - Лидия Пушкаревамен болған ерекше сәттерді әрқашан еске алады екен. Кейіпкеріміз жұмысын неғұрлым сапалы жасаса, оларды келесі кезеңде өңдеу оңайырақ болатындығын айтты.  Елена - өз ісінің хас шебері.