3 жыл қамауда. Павлодарлық көші-қон басқармасы басшысының орынбасарына үкім шықты
Алайда сыбайлас жемқорлықпен күрес мамандары оның ізіне түсті.
Көші-қон полициясы бөлімі басшысының 38 жастағы орынбасары Өзбекстан азаматынан жарты жыл бойы ақша алып келген. Ол көрші ел тұрғынының елімізде болу мерзімін ұзарту үшін сыйақы сұрап отырған. Бұған дейін ол кінәсін толық мойындаған еді, бүгін соңғы сөзінде тек айыппұл салуды сұрады. Дегенмен де сот оны үш жылға бас бостандығынан айырды.
- Сізге қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесіне үш жылға қамау жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот сізді өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды, - деп мәлімдеді Павлодар қаласының №2-сотының судьясы Қуаныш Тулебаев.
Сонымен қатар сот оны полиция капитаны лауазымынан айырды. Және оны жапа шегушілерге 58 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Сотталушы бірден қамауға алынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Авторы: Бибінұр Хамитқызы