3 қоғамдық дәретхана 14 миллион теңге

Бұған жергілікті бюджеттен 14 миллион теңге бөлінбек. Санитарлық тораптар модульді болмақ. Бүгінде мердігерді анықтау үшін конкурстық шаралар өткізілуде. Дәретхананың әрбіреуінде әйелдерге, ерлерге және арбада отыратын мүгедектерге арналған кабиналар болмақ.

 

-Биыл тағы 3 модульді қоғамдық дәретхананы орнатуды жоспарлаудамыз. Әрбіреуінін құны 4 миллион 200 мың теңге. Қалалық жағажай, «Қаз қонақ» саябағына орнатамыз. Қазіргі уақытта мердігерді анықтау үшін конкурстық шара жалғасуда,- дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Павлодардағы алғашқы қоғамдық дәретхана аудандық әкімдікке қарама-қарсы 2016-шы жылы орнатылған. Оның құны 5 миллион теңге болған. Қазір жаңа 3 кешенге 14 миллион теңге жұмсамақшы.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа